Мұнайлы ауданы, Дәулет елді мекенінде  орналасқан «№ 3 арнайы  мектебі»  коммуналдық мемлекеттік мекемесі  1993 жылы  ст. Манғышлақ та  25 оқушымен ашылған  болатын. Сол кезеңнен бастап  арнайы білім ордасында  қабылдау деңгейі  төмен, денсаулығында   әртүрлі ақауы бар оқушылар  оқып  келеді. Мектепте  қазіргі таңда  145 оқушы  оқып білім алуда,  оның  36 /і   үйден (жеке ) оқытылады.   Олар  үш диагноздағы оқушылар:  психикалық  дамуы  тежелген, орташа  және  жеңіл түрдегі  ақыл есінің  дамуы жетілмеген  балалар.  Оқушы  аудандық  ПМПК шешімімен қабылданады.  Оқыту  арнайы  бағдарламамен  жүргізіледі. Мұғалімдер  туралы  айтатын   болсақ, 45 мұғалім бар, барлығы  да  жоғарғы дәрежелі, арнайы  білімдері бар  ұстаздар.  Ұлттық  біліктілік  тестілеуден өткен    2 зерттеуші,  2 сарапшы, және  14 модератор  мұғалім бар.  Мектепте 2 логопед, 2 дефектолог, 1 психолог  мамандары  қызмет көрсетеді.